Samsung GT-C3330 Bedienungsanleitung

Stöbern Sie online oder laden Sie Bedienungsanleitung nach Mobiltelefone Samsung GT-C3330 herunter. Samsung GT-C3330 руководство пользователя [nl] Benutzerhandbuch

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 2
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 0
GT-C3330
Ұялы телефон
Пайдаланушы нұсқаулығы
Printed in Korea
GH68-35429X
Kazakh. 09/2011. Rev. 1.0
Осы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың
бағдарламалық жасақтамасына немесе қызметті
жеткізушіге қатысты өзгеше болуы мүмкін.
Үшінші тарап кез келген уақытта тоқтатылуы немесе үзілуі
мүмкін және Samsung қандай да бір мазмұнның немесе
қызметтің қандай да бір уақыт кезеңі үшін қол жетімді
болатынына кепілдік бермейді.
Бұл бұйым белгілі бір тегін/ашық бағдарламалық құралды
қамтиды. Нақты лицензиялық шарттарды, құқықтардан бас
тарту, растау және ескертулер туралы ақпаратты мына
Samsung веб- сайтынан алуға болады:
opensource.samsung.com.
Құрылғыңызды пайдаланбас бұрын өзіңізді және басқаларды жарақаттап алмау немесе құрылғыңызға зақым келтірмеу үшін төмендегі ақпараттың барлығын оқып шығыңыз.
1
2
6
5
4
3
Телефон экранының жоғарғы жағынан мына күй индикаторлары
көрсетіледі:
1
Дыбыс деңгейі пернесі
Күту режимінде телефонның
дыбыс деңгейін реттеу; Өтірік
қоңырау шалу (төменгі); SOS
хабарын жіберу
«Өтірік қоңырау шалу» бөлімін
қараңыз
«SOS хабарын іске қосу және
жіберу» бөлімін қараңыз
2
Теру пернесі
Қоңырау шалыңыз немес
жауап беріңіз; Күту режимінде
қоңыраулар мен хабарлар
журналдарын алып қараңыз
3
Артқа пернесі
Мәзір режимінде алдыңғы
деңгейге оралу
4
Құлыптау пернесі
Сенсорлық экран мен
пернелерді құлыптау;
Сенсорлық экран мен
пернелердің құлпын ашу
(басып тұрыңыз)
5
Камера пернесі
Күту режимінде камераны қосу
(басып тұрыңыз)
6
«Қуат/Аяқтау» пернесі
Телефонды қосу немесе өшіру
(басып тұрыңыз); Қоңырауды
аяқтау; Мәзір режимінде
енгізілгеннен бас тарту және
күту режиміне оралу
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалануға қатысты
барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады. Заңмен
тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы телефоныңызды ешқашан
пайдаланбаңыз. Өзіңіз бен басқалардың қауіпсіздігі үшін жақсылап
жаттығып алып, төмендегі кеңестерді есіңізде ұстаңыз:
Спикерфонды пайдаланыңыз.
Құрылғыңызбен және жылдам теру және қайта теру сияқты
қолайлы мүмкіндіктерімен танысыңыз. Бұл мүмкіндіктер ұялы
телефоныңызда қоңырауды күттіруге қоюға немесе қабылдауға
қажетті уақытты азайтуға көмектеседі.
Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Көзіңізді жолдан
алмай, сымсыз құрылғыға ауысуға болады. Егер келген қоңырауды
қолайсыз уақытта қабылдасаңыз, дауысты поштаға оған сіз үшін
жауап бергізіңіз.
Сөйлесіп отырған адамға көлік жүргізіп келе жатқаныңызды
білдіртіңіз. Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы
жағдайларында сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ, қар,
мұз және қиын жол қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
Телефон нөмірлерін жазбаңыз немесе іздемеңіз. Әдістерін жазып
алу немесе мекенжай кітапшасын қарап шығу негізгі көлікті қауіпсіз
жүргізу міндетінен назарыңызды аударады.
Қолайлы кезде теріп, жол қозғалысына өтіңіз. Қозғалмай тұрғанда
немесе орныңыздан қозғалмас бұрын қоңырауларды қойыңыз.
Автокөлік тоқтап тұрған кезде қоңырауларды жоспарлап көріңіз.
Егер қоңырау шалу, біраз нөмірлерді ғана теру керек болса, жолды
айналарыңыздан тексеріп алыңыз, сосын жалғастырыңыз.
Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық
әңгімелерден аулақ болыңыз. Сөйлесіп келе жатқан адамдарға
көлік жүргізіп келе жатқаныңызды білдіртіп, назарыңызды жолдан
аударатын әңгімелесулерді тоқтата тұрыңыз.
Құрылғыңызды көмек шақыру үшін пайдаланыңыз. Өрт, жол-
көлік оқиғасы болған немесе медициналық көмек қажет болған
жағдайларда жергілікті төтенше қызмет нөмірін теріңіз.
Төтенше жағдайларда басқаларына көмектесу үшін құрылғыңызды
пайдаланыңыз. Егер жол-көлік оқиғасын, қылмыстық оқиғаны
немесе адам өмірлері қауіп-қатерге түскен күрделі төтенше
жағдайды көрсеңіз, жергілікті төтенше қызмет нөміріне
хабарласыңыз.
Ескерту: Электр тоғының соғуына, өрттің шығуына және
жарылуға жол бермеңіз
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз
немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз
Электр шнурына су қолдарыңызбен тиіспеңіз немесе
зарядтағышты шнурынан тартып ажыратпаңыз
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Зарядтап жатқан кезде құрылғыңызды пайдаланбаңыз немесе
құрылғыңызға су қолдарыңызбен тиіспеңіз
Зарядтағышты немесе батареяны қысқа тұйықтамаңыз
Зарядтағышты не батареяны түсіріп алмаңыз немесе оларға соққы
келтірмеңіз
Өндіруші мақұлдамаған зарядтағыштармен батареяны
зарядтамаңыз
Найзағай кезінде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
Құрылғыңыз дұрыс істемеуі мүмкін, соның салдарынан электр тогының
соғу қаупі артады.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны
қолданбаңыз
Литий ион батареяларын қоқысқа қауіпсіз жолмен тастау үшін жергілікті
өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Батареялары мен заряд құрылғыларын күтіммен пайдаланыңыз
және дұрыс тәртіппен тастаңыз
Құрылғыңызға арналып жасалған және тек Samsung корпорациясы
бекіткен батареялар мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз.
Сәйкес келмейтін батареялар мен зарядтағыштарды пайдалану
құрылғыңыздың қатты зақымдануына немесе бұзылуына әкеліп
соғуы мүмкін.
Батареяларды не құрылғыларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды немесе құрылғыларды тастаған кезде
барлық жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Батареяларды немесе құрылғыларыңызды ешқашан жылыту
құрылғыларының, мысалы, қысқа толқынды пештердің,
духовкалардың немесе жылыту радиаторларының үстіне немесе
ішіне қоймаңыз. Қызып кеткен батарея жарылуы мүмкін.
Батареяны ешқашан бұзбаңыз немесе теспеңіз. Батареяларды
сыртқы жоғары қысым әсерінен қорғаңыз, бұл ішкі қысқа тұйықталу
және қызып кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяларды және зарядтағыштарды зақымданудан
қорғаңыз
Құрылғыңызды және батареяларды өте суық немесе өте ыстық
температураларға шығармаңыз.
Шамадан тыс температуралар құрылғы пішінінің өзгеруіне себеп
болып, заряд сыйымдылығын және құрылғыңыз бен батареялардың
пайдаланылу мерзімін қысқартуы мүмкін.
Батареяларды металл заттарға тигізбеңіз, себебі бұл заттар
батареяларыңыздың + және – терминалдары арасында байланыс
тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты зақымдануына
әкеліп соғуы мүмкін.
Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз: Құрылғыңызды шектеулі аумақтарда
пайдаланған кезде барлық қауіпсіздік ескертулері мен
ережелерін сақтаңыз
Құрылғыңызды тыйым салынған жерлерде өшіріп қойыңыз
Белгілі бір аумақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін
ережелердің барлығын сақтаңыз.
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында
пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын
пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі
келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды электр кардиостимулятордың жанында
пайдаланбаңыз
Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен,
құрылғыны электр кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см
ауқымында пайдаланбаңыз.
Егер құрылғыңызды пайдалану керек болса, электр
кардиостимулятордан кемінде 15 см алыс тұрыңыз.
Электр кардиостимуляторға келетін кедергіні мүмкіндігінше азайту
үшін құрылғыңызды электр кардиостимуляторға қарама-қарсы тұрған
құлағыңызға пайдаланыңыз.
Құрылғыңызды ауруханада немесе радио жиілік арқылы кедергі
келтіруі мүмкін медициналық жабдық жанында пайдаланбаңыз
Егер кез келген медициналық жабдықты жеке пайдалансаңыз,
жабдықтың радио жиіліктен қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін жабдық
өндірушісіне хабарласыңыз.
Егер есту құрылғысын пайдалансаңыз, радио сигнал кедергісі
туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз
Кейбір есту құрылғыларына құрылғыңыздың радио жиілігі кедергі
келтіруі мүмкін. Есту құрылғысының қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін
өндірушіге хабарласыңыз.
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
Батареяны алғанша, құрылғыңызды жарылыс қаупі бар орталарда
сөндіріңіз.
Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді, нұсқауларды
және белгілерді орындаңыз.
Телефонды жанармай толтыру орындарында (қызмет көрсету
стансаларында) немесе жанармайдың немесе химиялық заттардың
жанында пайдаланбаңыз, және жарылғыш облысы.
Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды
құрылғы, оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар жерде
сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Құрылғыңызды ұшақта сөндіріп қойыңыз
Құрылғыңызды ұшақта пайдалану заңға қайшы. Құрылғыңыз ұшақтың
электрондық навигациялық құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Автокөліктің электрондық құрылғылары құрылғыңыздың радио
жиілігінен дұрыс істемеуі мүмкін
Көліктің электрондық құрылғылары құрылғыңыздың радио жиілігінен
дұрыс істемеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өндірушіге
хабарласыңыз.
Қажет болған кездерде жол жанындағы көмек немесе арнайы,
төтенше емес көмек қызметі нөміріне хабарласыңыз. Егер күрделі
қауіп-қатер алып келмейтін бұзылып тұрған көлікті, көліктің бұзылып
тұрғаны туралы белгіні, ешкім жарақаттанбаған жеңіл жол-көлік
оқиғасын немесе білетін көлігіңіздің ұрланғанын көрсеңіз, жол
жанындағы көмек немесе басқа арнайы, төтенше емес қызмет
нөміріне хабарласыңыз.
Ұялы телефоныңызға дұрыс күтім жасау және пайдалану
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
Ылғал мен сұйықтықтардың барлық түрі құрылғының бөлшектерін
немесе электрондық схемаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы
болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы
өшпесе немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол қалпында
қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін
белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыңызды шаң, лас жердерде пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз
Шаң құрылғыңыздың дұрыс істемей қалуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыңызды еңкейіп тұрып пайдаланбаңыз
Егер құрылғыңыз түсіп кетсе, ол зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыңызды ыстық не суық жерлерде сақтамаңыз.
Құрылғыңызды -20° C - 50° C аралығында пайдаланыңыз
Құрылғыңыз жабық көлікте қалып кетсе, ішкі температура 80° C-тан
жоғары асатындықтан жарылуы мүмкін.
Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, автокөліктің
панелінің үстінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Батареяны 0° C - 40° C аралығында сақтаңыз.
Құрылғыңызды монеталар, кілттер және алқа сияқты металл
бөлшектермен бірге сақтамаңыз
Құрылғыңыздің пішіні өзгеруі немесе істемей қалуы мүмкін.
Егер батарея терминалдары металл заттарға тиіп тұрса, өрттің
шығуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті
өрістерден зарядсыздануы мүмкін.
Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон
карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті
өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.
Магниттік ілмектері бар жүк кейстерін немесе жабдықтарды
пайдаланбаңыз және телефоныңызды магниттік өрістің ықпалында
ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің,
ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары қысымды
контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
Батарея ағып кетуі мүмкін.
Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы
тигізбеңіз
Құрылғыңыздың экраны зақымдалуы мүмкін.
Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, жарқылды
адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын
пайдаланбаңыз
Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы немесе
көздеріне зиян келуі мүмкін.
Жарқыраған жарыққа шыққанда сақтық шараларын пайдалану
Құрылғыңыз пайдаланылғанда, бөлмеде біраз жарық қалдырыңыз
және экранды көзіңізге қатты жақын ұстамаңыз.
Бейнелерді көріп отырғанда немесе жарыққа негізделген ойындарды
ұзақ уақыт ойнағанда жарқыраған жарыққа шықсаңыз, тұрып қалуы
немесе бұлыңғырлануы мүмкін. Егер қолайсыздықты сезінсеңіз,
құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың тәуекелін азайту
Пернелерді басу, экранда таңбалардың суретін саусақтарыңызбен салу
сияқты әрекеттерді қайталап орындағанда, қолдарыңызда, мойныңызда,
иықтарыңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде ыңғайсыздықты
сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғанда, құрылғыны
бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз, сосын жиі үзіліс жасаңыз. Егер
осылайша пайдаланғанда немесе одан кейін сізге ыңғайсыз бола берсе,
пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы жарамдылығына
көз жеткізіңіз
Батареяны тиісті мерзімінен ұзақ зарядтау оның жарамдылық
уақытын қысқартады, сондықтан батареяларды бір аптадан артық
зарядтауға болмайды.
Уақыт өтісімен пайдаланусыз жатқан батареялар зарядын жоғалтуы
мүмкін, сондықтан оларды пайдаланар алдында зарядтау керек.
Пайдаланылмай тұрғанда зарядтағыштарды қорек көзінен
ажыратыңыз.
Батареяларды тек арналған мақсаттарына пайдаланыңыз.
Өндіруші бекіткен батареяларды, зарядтағыштарды,
аксессуарларды және керек-жарақтарды пайдаланыңыз
Жалпы батареяларды не зарядтағыштарды пайдалану
құрылғыңыздың өмірін қысқартуы немесе құрылғының дұрыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды не
керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының қауіпсіздігіне
жауапты емес.
Құрылғыны не батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
Ол құрылғыны зақымдауы немесе жарылуына себеп болуы мүмкін.
Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып
отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыға сөйлеген кезде:
Кәдімгі телефонды пайдаланып тұрғандай, құрылғыны тігінен
ұстаңыз.
Микрофонға тікелей сөйлеңіз.
Құрылғыңыздың ішкі антеннасына тиіспеңіз. Антеннаға тиіскеннен
қоңырау шалу сапасы төмендеуі немесе құрылғының қажетті
деңгейден көп радио жиілік жіберуіне себеп болуы мүмкін.
Ішкі антенна
Экран сызылған немесе сынған болса, телефонды
пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа
пайдаланбаңыз
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын мазаламаңыз
Балаларға құрылғыңызды пайдалануға рұқсат етпеңіз
Құрылғыңыз ойыншық емес. Балаларға онымен ойнауға рұқсат
етпеңіз, себеб олар өздерін және басқаларды ұруы, құрылғыны
зақымдауы немесе қоңырау шалып, шығын келтіруі мүмкін.
Ұялы телефондарды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыңызды және оның аксессуарларын көліктің қауіпсіздік
жастығы орналасқан жердің жанына немесе үстіне қоймаңыз.
Қауіпсіздік жастығы бірден желге толып кеткен жағдайда дұрыс
орнатылмаған сымсыз жабдық ауыр жарақаттануға себеп болуы
мүмкін.
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан
құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай
қалады.
SIM карталарын немесе жад карталарын ұқыпты пайдалану
Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап жатқан
кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл әрекет
деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе құрылғының
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа
құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды
немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда
немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс аясынан
тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында
төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін
жоспарлаңыз.
Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және
құлақтарыңызды қорғаңыз
Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту
қабілетінің зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Көлік жүргізіп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару
назарыңызды аударып, апатқа алып келуі мүмкін.
Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс
қаттылығын әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін
немесе музыканы етуге қажетті төменгі дыбыс
қаттылығы деңгейін пайдаланыңыз.
Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы
гарнитурада пайда болуы мүмкін. Құрғақ жерлерде
гарнитураларды пайдаланбаңыз немесе гарнитураны
құрылғыға қосардың алдында статикалық электр
тогын зарядсыздандыру үшін металл затқа тигізіңіз.
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда сақтық
шараларын пайдаланыңыз
Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы
жағдайларды біліп отырыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
Сізге зиян келтіруі немесе құлап кетсеңіз, құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе
жөндемеңіз
Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің
кепілдігін жарамсыз етеді. Жөндету үшін құрылғыңызды Samsung
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны
бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз
Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп, дұрыс
жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін. Егер өнімнің бояуына немесе
металл бөлшіктеріне аллергияңыз болса, теріңіздің қышуы немесе
ісуі мүмкін. Ондай болған жағдайда, өнімді пайдалануды тоқтатып,
дәрігерден ақыл-кеңес алыңыз.
Құрылғыңызды тазалаған кезде:
Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.
Батареяның терминалдарын мақтамен не сүлгімен тазалаңыз.
Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз.
Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау
Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық көшірмесін
жасап қойыңыз. Samsung деректердің жоғалуына жауапты емес.
Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
Авторлық құқықпен қорғалған мтериалды таратпаңыз
Жазып алған, бірақ авторлық құқықпен қорғалған материалды
басқаларға мазмұн иелерінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны
сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші
авторлық құқықпен қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз
пайдалануынан туындаған құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Спецификалық сіңіру нормасы (ССН) куәлігі туралы
ақпарат
Құрылғыңыз Еуропалық Одақтың (ЕО) адам ағзасына радио және
телекоммуникациялар жабдықтарынан бөлініп шығарылатын радио
жиілігіндегі (РЖ) энергияның әсер ету шектемелерін белгілейтін
стандарттарға сай келеді. Мұндай стандарттар адам ағзасының әр
килограмына 2,0 Вт шамасынан жоғарғы деңгейде (Спецификалық
сіңіру нормасы немесе ССН ретінде белгілі) әсер ететін ұялы
телефондардың сатылуына жол бермейді.
Сынақ кезінде осы модель үшін байқалған ең жоғары ССН көрсеткіші
0,835 Вт/кг болып шықты. Қалыпты қолданыста негізгі ССН көрсеткіші
әлдеқайда төменірек болуы мүмкін, өйткені бұл құрылғы сигналды
ең жақын байланыс бекетіне жеткізуге ғана қажетті радио жиілік
энергиясын шығаратындай етіп жасалған. Мүмкіндігінше төменгі
деңгейлерді автоматты түрде тарату арқылы құрылғыңыз РЖ
энергиясының сізге әсер етуін азайтады.
Бұл нұсқаулықтың артындағы Сәйкестік туралы декларация
құрылғыңыздың Еуропалық радио және терминал
телекоммуникациялар жабдығы (РТТЖ) директивасына сәйкес
келетіндігін көрсетеді. ССН және қатысты ЕО стандарттары туралы
толық ақпарат алу үшін Samsung веб-сайтына кіріңіз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік және Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ және басқа да жеке жинақ жүйелері бар
Еуропа елдеріндегі қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе қосымша әдебиеттегі
осы таңба өнімнің және оның электрондық керек-
жарақтарының (мысалы, зарядтағыш құрылғысының, құлақ
аспабының, USB кабелінің) қызмет мерзімі аяқталғанда
басқадай тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы
қажеттігін білдіреді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны
тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы
заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз да,
материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта
қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге жіберу
үшін осы элементтерді қайдан және қалай алу жолдарын оны сатып
алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы
қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен
байланысып, сатып алу келісім-шарттарының шарттары мен ережелерін
тексеруі тиіс.
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Еуропа Одағы мен жеке батарея қайтару жүйелері бар
басқа еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл таңба
бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің соңында
басқа тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы тиіс
екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd немесе Pb
символдары батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасын мөлшері
2006/66 ЕО Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып түсетіндігін
білдіреді. Егер батарея тиісінше жойылмаған болса, бұл заттар адам
денсаулығы немесе қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін және материалдық қайта пайдалануды
қолдау үшін батареяларды басқа қоқыс түрлерінен ажыратып алыңыз
және жергілікті, тегін батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта
пайдаға асырыңыз.
Телефон компоненттерінің орналасуы
Сақтандыру шаралары
www.samsung.com
.O.02.0072
Белгіше Сипаттама
Сигнал күші
GPRS желісі
қосылған
EDGE желісі
қосылған
Қоңырау шалынуда
Қоңырау бағытын
өзгерту параметрі
іске қосылған
SOS хабар
мүмкіндігі іске
қосылған
Дабыл қосылған
Қауіпсіз веб-бетке
қосылуда
Компьютерге
қосылған
FM радиосы қосулы
FM радиосы
уақытша
тоқтатылды
Музыка
ойнатылуда
Белгіше Сипаттама
Музыка ойнату
уақытша
тоқтатылды
Роуминг (қалыпты
қызмет көрсету
аясынан тыс)
Bluetooth іске
қосылды
Жаңа мәтіндік
хабар (SMS)
Жаңа
мультимедиалық
хабар (MMS)
Жаңа электрондық
пошта хабары
Жаңа дауысты
пошта хабары
Жад картасы
салынды
Қалыпты режим
қосылған
Дыбыссыз режим
қосылған
Батарея зарядының
деңгейі
Ағымдағы уақыт
Seitenansicht 0
1 2

Inhaltsverzeichnis

Seite 1 - Сақтандыру шаралары

GT-C3330Ұялы телефонПайдаланушы нұсқаулығыPrinted in KoreaGH68-35429XKazakh. 09/2011. Rev. 1.0Осы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың • бағдарламал

Seite 2 - GSM ұялы телефоны : GT-C3330

Сәйкестікті растау (R&TTE)Біз, Samsung ElectronicsӨзіміздің толық жауапкершілікпен төмендегі өнімгеGSM ұялы телефоны : GT-C3330қатысты осы растау

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare