Samsung SGH-M200 Bedienungsanleitung

Stöbern Sie online oder laden Sie Bedienungsanleitung nach Smartphones Samsung SGH-M200 herunter. Samsung SGH-M200 руководство пользователя Benutzerhandbuch

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 2
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 0
Сəйкестікті растау (R&TTE)
Біз,
Samsung Electronics компаниясы
Өзіміздің толық жауапкершілікпен төмендегі өнімге,
GSM жүйесінің ұялы телефоны: SGH-M200
қатысты осы растау беріліп, төмендегі стандарттарға жəне басқа нормативті
құжаттарға сəйкес екендігін растаймыз.
ҚАУІПСІЗДІК EN 60950- 1 : 2001+A11:2004
ЭМС EN 301 489- 01 V1.5.1 (11-2004)
EN 301 489- 07 V1.2.1 (08-2002)
EN 301 489- 17 V1.2.1 (08-2002)
МСК EN 50360 : 2001
EN 62209- 1 : 2006
РАДИО EN 301 511 V9.0.2 (03- 2003)
EN 300 328 V1.7.1 (10- 2006)
Осымен [барлық қажетті тесттер қатары өткізіліп], аталмыш өнімнің 1999/5/EК
Нұсқаулығының барлық негізгі талаптарына сəйкестігін растаймыз.
10 Бапта аталып, 1999/5/EК Нұсқаулығының [IV] Қосымшасында сипатталған
Сəйкестігін тексеру процедурасы төмендегі Өкілетті тұлғаны (ларды) тарта
отырып өткізілді:
BABT, Balfour House, Churcheld Road,
Walton-on-Thames, Surrey, KT12 2TD, UK*
Идентификациялық белгі: 0168
Техникалық құжаттаманың сақталу орны:
Samsung Electronics QA Lab.
Оны сұрату бойынша алуға болады.
(ЕО аумағындағы өкілдік)
Samsung Electronics Euro QA Lab.
Blackbushe Business Park, Saxony Way,
Yateley, Hampshire, GU46 6GG, UK*
2008.08.22 Yong-Sang Park / Сауда менеджері
(берілген орны жəне күні) (өкілетті тұлғаның аты-жөні мен қолтаңбасы)
* Бұл Samsung Қызмет орталығының мекен-жайы болып табылмайды.
Samsung Қызмет орталығының мекен-жайын немесе телефон нөмірін табу
үшін кепілдік картасын қараңыз немесе телефоныңызды сатқан сатушымен
хабарласыңыз.
Қауіпсіздік жəне пайдалану туралы ақпарат
Қауіпті немесе заңсыз жағдайларды болдырмау мақсатында келесі
қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз жəне ұялы телефоныңыздың жоғары
өнімділігімен қамтамасыз етіңіз.
Қауіпсіздік ескертулері
Ұялы телефоныңызды балалардан жəне
үй жануарларынан алшақ ұстаңыз
Телефоныңызды жəне оның жабдықтарын кішкентай
балалардан немесе жануарлардан алыс ұстаңыз.
Телефонның ұсақ бөлшектері жұтылған жағдайда,
өңешке тұрып қалуы немесе өте ауыр жарақаттауы
мүмкін.
Есту жүйеңіздің қорғанысы
Құлаққаптан қатты дыбыспен тыңдау есту
қабілетіңізді зақымдауы мүмкін. Әңгімеңіз
немесе музыканы тыңдауға жеткілікті ең
төменгі дауыс күштілігін қолданыңыз.
Ұялы телефондарды жəне жабдықтарын сақтықпен
орнату
Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың немесе
оларға қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз. Телефоныңызды жəне оның жабдықтарын
көліктің қауіпсіздік жастығы орналасқан аумақта немесе
жанына қоймаңыз. Қауіпсіздік жастығы бірден желге
толып кеткен жағдайда дұрыс орнатылмаған сымсыз
жабдықтар ауыр жарақаттануыңызға себепші болуы
мүмкін.
Сақтандыру шаралары
Барлық кезде сақтықпен жүргізіңіз
Жүргізу кезінде телефонды пайдаланбаңыз жəне көлік
жүргізу кезінде ұялы телефондармен пайдалануға тыйым
салу туралы ережелерді ұстаныңыз. Қажеттілігі туған кезде,
қауіпсіздікті ұлғайту мақсатында қатты дауысты
жабдықтарын пайдаланыңыз.
Қауіпсіздіктің барлық ескертулері мен ережелерін
сақтаңыз
Ұялы телефонды белгілі бір аумақтарда пайдалануға
тыйым салатын кез келген ережеге бағыныңыз.
Тек Samsung мақұлдаған жабдықтарды ғана
қолданыңыз
Сəйкес келмейтін жабдықтарды қолдану телефоныңыздың
зақымдануына немесе бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін.
Телефонды медициналық жабдықтардың жанында
сөндіріп қойыңыз
Телефоныңыз ауруханалардағы немесе денсаулық сақтау
орындарындағы медициналық жабдықтардың əсерінен
кедергіге ұшырауы мүмкін. Медицина қызметкерлері
тарапынан болған барлық ережелерді, орнатылған
ескертулерді жəне нұсқаулықтарды орындаңыз.
Ұшақ ішінде ұялы телефоныңызды сөндіріп қойыңыз
немесе оның сымсыз жүргізілетін қызметтерін өшіріңіз
Сіздің ұялы телефоныңыз ұшақ жабдығының əсерінен
кедергіге ұшырауы мүмкін. Әуе компаниясының барлық
ережелеріне бағыныңыз жəне əуе компаниясының
қызметкерлері талап еткен кезде телефоныңызды
сөндіріп қойыңыз немесе телефонды оның сымсыз
жүргізетін қызметтерін өшіретін күйге қосып қойыңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын зақымданудан
сақтау
Батареяларды өте суық жəне өте ыстық температурада
жарылуға жол бермеңіз (0 °C деңгейінен төмен немесе
45 °C деңгейінен жоғары). Шектен тыс температура
көрсеткіштері батареяларыңыздың зарядтау өнімділігі
мен жарамдылық мерзімін төмендетуі мүмкін.
Батарея орамын құрғақ жерде сақтаңыз.
Батареяларды метал нысандарымен жанасуынан
сақтаңыз, себебі, бұл заттар батареяларыңыздың
+ жəне – терминалдары арасында байланыс тудырып,
батареялардың уақытша немесе тұрақты
зақымдануына əкеліп соғуы мүмкін.
Зақымдалған заряд құрылғысын немесе батареяны
пайдалануға болмайды.
Телефоныңызды ұқыпты жəне орынды пайдаланыңыз
Телефоныңызды ылғалданудан сақтаңыз- сұйықтықтар
телефонды қатты зақымдауы мүмкін. Телефонды су
қолмен пайдаланбаңыз. Сумен зақымдану телефон
дайындаушысының кепілдігінен босатады.
Телефонды оның жылжымалы бөлшектерінің
зақымдануын болдырмау мақсатында шаң-тозаң,
кір жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Сіздің телефоныңыз кешенді электрондық құрылғы- оны
қатты зақымдап алмау үшін соғылулардан жəне ұқыпсыз
пайдаланудан сақтаңыз.
Телефонды бояуға болмайды, себебі бояу телефонның
жылжымалы бөлшектерінің бітелуіне əкеледі жəне оның
жеке əрекеттерін тежейді.
Телефон камерасыныі жарқылы немесе жарығының
балалар немесе жануарлар көздеріне жақын
қолданылуына жол бермеңіз.
Телефоныңыз жəне оның жад карталары магниттік өріс
жарылысы салдарынан зақымдануы мүмкін. Магниттік
қақпақтары бар жүк кейстерін немесе жабдықтарын
пайдалануға немесе телефоныңызды магниттік өріспен
ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Басқа электрондық жабдықтар кедергісін
болдырмаңыз
Сіздің телефоныңыз пеймекерлер, құлақ аспаптары,
медициналық жабдықтар мен үй ішіндегі немесе
көліктердердегі басқа да электр құрылғылар сияқты
қорғалмаған немесе дұрыс қорғалмаған жабдықтарға
кедергі келтіруі мүмкін болатын радио жилігіндегі (РЖ)
сигналдарды таратады. Пайда болған кез келген кедергі
мəселелерін шешу үшін электр құрылғыларыңыздың
дайындаушылармен кеңесіңіз.
Пайдалануға қатысты
маңызды ақпарат
Телефоныңызды қалыпты күйде пайдаланыңыз
Телефоныңыздың ішкі антеннасымен байланысуға
болмайды.
Телефоныңызға тек білікті мамандардың ғана қызмет
көрсетуін қадағалаңыз
Біліксіз мамандардың телефоныңызға қызмет көрсетуі
оның зақымдануына жəне дайындаушы кепілдігінің
жарамсыз етілуіне əкеліп соғады.
Батареяның жəне заряд құрылғысының ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареяны зарядтау мерзімінен ұзақ зарядтау оның
жарамдылық уақытын қысқартатындықтан,
батареяларды бір аптадан артық зарядтауға болмайды.
Уақытынан асырылған, қолданылмаған батареялар
отырады жəне пайдаланылар алдында қайта
зарядтауды талап етеді.
Қолданыста болмаған кезде заряд құрылғыларын тоқ
көзінен ажыратыңыз.
Батареяларды өз мақсаттарына пайдаланыңыз.
Ұялы телефонды жарылу мүмкіндігі бар орталарда
сөндіру
Телефонды жанармай толтыру орындарында (қызмет
көрсету станцияларында) немесе жанармайдың немесе
химиялық заттардың жанында пайдалануға болмайды.
Ескерту белгілері немесе нұсқаулықтар пайда болған
кезде, телефоныңызды сөндіріңіз. Телефоныңыз
жанармай немесе химиялық затар қоймасының ішінде
немесе маңында жəне тасымал немесе жарылу қаупі
жоғары аумақтарда жарылыс немесе өрт себебі болуы
мүмкін. Жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе
жарылғыш заттарды телефон, оның құрама бөлшектері
немесе жабдықтары бар жерде сақтамаңыз немесе
орналастырмаңыз.
Қайталама əрекет бұзылуларының қаупін азайту
Мəтінді хабарламаларды жібергенде немесе ойындар
ойнағанда, телефоныңызды бос ұстаңыз жəне
клавишаларды жеңіл басыңыз, басылуға қажетті
клавишалардың санын азайтатын арнаулы сипаттамаларды
пайдаланыңыз (мысалы, үлгілер жəне жеңілдетілген
мəтін) жəне жиі үзілістер жасаңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын күтіммен
пайдалану жəне орнату
Телефоныңызға арналып жасалған тек Samsung-
мақұлдаған батареялар мен заряд құрылғыларын
пайдаланыңыз.
Сəйкес келмейтін батареялар мен заряд құрылғыларын
пайдалану телефоныңыздың қатты зақымдануына
немесе бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін.
Батареяларды ешқашан отқа тастамаңыз. Қолданылған
батареяларды тастау жұмыстарын жергілікті ережелерге
сəйкес жүргізіңіз.
Батареяларды немесе телефондарды қысқа толқынды
пештер, плиткалар немесе радиаторлар сияқты жылу
көзі болатын құрылғылардың үстіне немесе ішіне
қоймаңыз. Батареялар қатты қызып кеткен жағдайда
жарылуы мүмкін.
Батареяларды сындыруға немесе тесуге болмайды.
Батареяларды жоғары сыртқы қысымда жаруға
болмайды. Бұл ішкі қысқа мерзімдік түйісу жəне қызып
кету қауіпіне əкеліп соғуы мүмкін.
Пейсмекерлер кедергісінен алшақ болу
Дайындаушылар мен Wireless Technology Research
жұмысының тəуелсіз зерттеу тобы берген кеңестер
бойынша ықтимал кедергілерді болдырмау мақсатында
ұялы телефондар мен пейсмекерлер ара қашықтығын
кем дегенде 15 см етіп алыңыз.
Егер ұялы телефоныңызға пейсмекер немесе басқа да
медициналық құрылғы арқылы кедергілердің болуына
қандайда болмасын күмəніңіз болса, шұғыл түрде
телефоныңызды сөндіріңіз де, келесі нұсқаулықтар алу
мақсатында пейсмекер немесе медициналық құрылғы
дайындаушысымен байланысыңыз.
SIM карталарын жəне жад карталарын ұқыптылықпен
пайдаланыңыз
Телефон белгілі бір ақпаратты жіберу немесе қабылдау
барысында картаны шығарып алуға болмайды, себебі
,
бұл əрекет деректердің жойылуына жəне/немесе
картаның немесе телефонның зақымдануына себеп
болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық тоқтан
жəне басқа құрылғылардан келетін электр шуынан
сақтаңыз.
Жазу жəне өшіру əрекеттерінің жиі болуы жад
карталарының қолдану мерзімін қысқартады.
Алтын түсті байланыстарына немесе терминалдарына
саусағыңызды немесе метал нысандарын тигізбеңіз.
Карта кірлеген жағдайда, оны жұмсақ орамалмен
сүртіңіз.
Жедел қызметтерімен қатынасын тексеріңіз
Телефоныңыздан жедел қызмет шақыру кейбір
аймақтарда немесе жағдайларда мүмкін болмауы
ықтимал. Қолданыс аясынан тыс немесе дамымаған
аумақтарға саяхатқа шығар алдында жедел қызмет
қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа əдісін
жоспарлаңыз.
Спецификалық Сіңіру Нормасы (ССН) куəлігі туралы
ақпарат
Сіздің сымсыз телефоныңыз радио жібергіш жəне
қабылдағыш болып табылады. Ол Еуропалық
Одақ (ЕО) Кеңесімен бекітілген радио жиілігіндегі (РЖ)
энергияның əсер ету шектемелеріне сай жасақталған
жəне дайындалған. Бұл шектеулер кешенді нұсқаулардың
бір бөлігі болып табылады жəне жалпы тұрғын халық
үшін РЖ энергиясының рұқсат етілетін шектеулерін
белгілейді. Нұсқаулар тəуелсіз зерттеу ұйымдарының
мерзімдік зерттеулері жəне зерттеу жұмыстарын бағалау
арқылы əзірленген қауіпсіздік стандарттарына негізделеді.
Стандарттар жасы мен денсаулығына қарамастан барлық
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін əзірленген
нақты қауіпсіздік шектеулерін қамтиды.
Сымсыз телефондардың сəуле тарату стандарты
Спецификалық сіңіру нормасы атты өлшем бірлікті
қолданады. ЕО Кеңесі арқылы белгіленген ССН шектеуі
2,0 Вт/кг болып табылады. Бұл үлгі үшін белгіленген ССН
мəні 0,819 Вт/кг болып табылады.
Өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтар)
(Еуропалық Одақ жəне басқа да жеке
жинақ жүйелері бар Еуропа елдеріндегі
қолданысында бар)
Осы өнімде немесе оның əдебиетінде
бейнеленген белгі өнімнің қолданыс мерзімі
аяқталғаннан кейін басқа үй қалдықтарымен
бірге тастауға болмайтындығын білдіреді.
Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі
мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау
үшін қалдықтардың басқа түрлерінің ішінен оны бөлек
айырып алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған
ортаға залалы тимейтіндей қайта қолданысқа түсіруіңізді
сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз
қайта
пайдалануға жіберу үшін осы элементті қайдан
жəне қалай
алу жолдарын оны сатып алған сауда орнына немесе
жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің
шығарушыларымен байланысып, сатып алу келісім-
шарттарының шарттары мен ережелерін тексеруі тиіс.
Бұл өнім басқа қолданылған орамдармен
араластырылмауы тасталмауы тиіс.
Осы өнім батареяларын сəйкесінше жою
(Еуропа Одағы мен жеке батарея қайтару жүйелері бар
басқа еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы
бұл таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет
ету мерзімінің соңында басқа тұрмыс
қалдықтарымен бірге жойылмауы тиіс екендігін
көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd немесе
Pb символдары батареядағы сынап, кадмий немесе
қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы
көрсетілген деңгейден асып түсетіндігін білдіреді. Егер
батарея тиісінше жойылмаған болса, бұл заттар адам
денсаулығы немесе қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін жəне материалдық қайта
пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа қоқыс
түрлерінен ажыратып алыңыз жəне жергілікті, тегін
батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта пайдаға
асырыңыз.
SGH-M200
Printed in Korea
Code No.: GH68-21158A
Kazakh. 10/2008. Rev. 1.0
Ұялы телефон
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Осы нұсқаулықтағы мазмұн
телефонның бағдарламалық жасақтамасы немесе
қызмет жеткізушіңізге байланысты телефоныңыздан ішінара
айырмашылықтары болуы мүмкін.
Bluetooth QD ID: BO14451
www.samsungmobile.com
Ішкі антенна
SGH-M200_CIS.indd 1 2008-10-30 �� 11:49:26
Seitenansicht 0
1 2

Inhaltsverzeichnis

Seite 1 - Пайдаланушы

Сəйкестікті растау (R&TTE)Біз, Samsung Electronics компаниясыӨзіміздің толық жауапкершілікпен төмендегі өнімге,GSM жүйесінің ұялы т

Seite 2

Телефон құрылымыНұсқау белгішелерЕскертулер: ескертулер, қолдану кеңестері немесе қосымша ақпаратОдан кейін: қадамды орындау үшін таңдауыңыз тиіс опц

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare