Samsung ME83DR Bedienungsanleitung Seite 36

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 60
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 35



Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам
қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру керек:
Ішкі және сыртқы беттері
Есігі және тығыздағыштары
Бұрылмалы табақ пен айналмалы шығырық
Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс жабылатын-
жабылмайтынын  тексеріп отырыңыз.
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, құрылғы
жұмысына теріс әсер етіп, нәтижесінде қатерлі жағдайлар орын алуы
мүмкін.
 Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен
жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
 Құрылғының ішкі беттеріндегі немесе айналмалы шығырығындағы
шашырандыларды не дақтарды сабын сіңірілген шүберекпен
тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
 Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті
кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын бұрылмалы
табаққа қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут
қыздырыңыз.
 Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде
жуыңыз.
Саңылауларға су . Жеміргіш заттар немесе
химиялық еріткіштерді  қолданбаңыз. Есіктің
тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:
Ешбір қоқыс жиналып қалмасын
Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу кезінде, бірнеше
қарапайым сақтық шараларын орындау керек.
Есігі немесе есігінің тығыздағыштары бүлінген пешті іске қоспау керек:
Топсалары сынған
Тығыздағыштары бүлінген
Пештің корпусы бұзылып немесе майысып қалған
Оны тек білікті, микротолқынды пешті жөндейтін маман ғана
жөндеуге тиіс.
Пештің сыртқы корпусын  алмаңыз. Егер пеш бүлініп,
оны жөндеу қажет болса немесе оның қандай жағдайда екендігі сізді
толғандырып жүрсе:
Оны розеткадан ағытыңыз
Ең жақын сатып алушыға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз
Пешті уақытша сақтап қоя тұрғыңыз келсе, құрғақ, шаң баспайтын
жерді таңдаңыз.
Шаң және ылғал пештің жұмыс жасайтын бөлшектеріне зиян
келтіруі мүмкін.
Бұл микротолқынды пеш коммерциялық мақсатта қолдануға
арналмаған.
ME83DR-BWT-DE68-03760E-01_KZ.indd 16 5/8/2012 5:59:48 PM
Seitenansicht 35
1 2 ... 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 ... 59 60

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare