Samsung S27B970D Bedienungsanleitung Seite 10

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 70
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 9
10
!
Егер өнімнен ерекше дыбыстар, күйік иісі немесе түтін шықса, қуат
кабелін дереу ажыратып, Samsung компаниясының тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Балалардың құрылғыға асылуына немесе оның үстіне шығуына жол
бермеңіз.
- Балалар зақымдануы немесе ауыр жарақат алуы мүмкін.
Егер құрылғы құлап түссе немесе оның сыртқы корпусы зақымдалса,
қуат көзін айырып-қосқышты өшіріңіз және қуат кабелін ажыратыңыз.
Сонан соң Samsung компаниясының клиенттерге қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
- Пайдалануды жалғастырсаңыз, өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Құрылғының үстінде балаларға ұнайтын ауыр заттарды немесе
бұйымдарды (ойыншықтар, тәтті заттар, т.б.) қалдырмаңыз.
- Балалар ойыншықтарды немесе тәтті заттарды алуға талпынған
кезде құрылғы немесе ауыр заттар құлап кетіп, балалар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
!
Нөсер жауын кезінде немесе найзағай ойнағанда, қуат көзін өшіріңіз
және қуат кабелін ажыратыңыз.
- Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
!
Құрылғыға заттарды түсіріп алмаңыз немесе оған соққы тигізбеңіз.
- Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Өнімді қуат кабелінен немесе басқа кабелінен ұстап тартпаңыз.
- Зақымдалған кабельдің себебінен құрылғы ақауы пайда болуы, ток
соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
!
GAS
Егер газдың шығып тұрғаны белгілі болса, құрылғыны немесе ашаны
ұстамаңыз. Сондай-ақ, сол жерді дереу желдетіңіз.
- Ұшқындар жарылысқа немесе өртке алып келуі мүмкін.
Құрылғыны қуат кабелінен немесе кез келген басқа кабелінен тартып
көтермеңіз немесе жылжытпаңыз.
- Зақымдалған кабельдің себебінен құрылғы ақауы пайда болуы, ток
соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
!
Құрылғының жанында тез тұтанатын сұйықтықты немесе затты
пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
- Жарылыс немесе өрт шығуы мүмкін.
Желдеткіш тесіктерді дастарқанның немесе перденің жауып
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
- Ішкі температураның көтерілуінен өрт шығуы мүмкін.
100
Металл заттарды (таяқшалар, монеталар, шаш түйреуіштер, т.б.)
немесе оңай жанатын заттарды (қағаз, сіріңкелер, т.б.) құрылғыға
салмаңыз (желдеткіш тесік немесе кіріс/шығыс порттары, т.б. арқылы).
- Өнімге су немесе басқа бөгде заттар кіріп кеткен жағдайда
міндетті түрде өнімді өшіріп, қуат кабелін ажыратыңыз. Сонан соң
Samsung компаниясының клиенттерге қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
- Құрылғы ақауы пайда болуы, ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Ішінде сұйықтық бар ыдыстарды (вазалар, қыш құмыралар, бөтелкелер,
т.б.) немесе металл заттарды құрылғының үстіне қоймаңыз.
- Өнімге су немесе басқа бөгде заттар кіріп кеткен жағдайда
міндетті түрде өнімді өшіріп, қуат кабелін ажыратыңыз. Сонан соң
Samsung компаниясының клиенттерге қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
- Құрылғы ақауы пайда болуы, ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны пайдаланудан бұрын
Seitenansicht 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 69 70

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare