Samsung S27B970D Bedienungsanleitung Seite 7

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 70
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 6
7
Тазалау
Келесі суреттер тек ақпарат ретінде берілген. Нақты жағдайлар суретте көрсетілген
жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.
Тазалаған кезде абайлаңыз, себебі жетілдірілген сұйық кристалдық дисплейлердің
панелі мен сыртқы жағы оңай зақымдалады.
Тазалаған кезде келесі шараларды қолданыңыз.
1. Құрылғыны өшіру.
2. Өнімнен қуат кабелін алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Қуат кабелінің ашасынан ұстаңыз және кабельді ылғал қолмен ұстамаңыз.
Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
!
3. Өнімнің экранын таза, жұмсақ және құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
- Құрамында спирт болатын жуғыш заттарды, еріткішті немесе беттік-
белсенді заттарды пайдаланбаңыз.
- Құрылғыға суды немесе жуғыш затты тікелей шашпаңыз.
4. Өнімнің сыртқы жағын тазалау үшін, дымқыл жұмсақ шүберекті
пайдаланып және сүртпес бұрын жақсылап сығыңыз.
5. Өнімді тазалағаннан кейін өнімге қуат кабелін қосыңыз.
6. Өнімді пайдалану үшін қуат көзіне қосыңыз.
Электр бөлшектері және қауіпсіздік
Келесі суреттер тек ақпарат ретінде берілген. Нақты жағдайлар суретте көрсетілген
жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.
Ескерту
Зақымдалған қуат кабелін немесе ашаны немесе бос розетканы
пайдаланбаңыз.
- Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бір розеткаға бірнеше құрылғыны қоспаңыз.
- Әйтпесе, розетка қызып кетіп өрт шығуы мүмкін.
Ашаны ылғал қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
!
Қуат ашасын берік тұратындай етіп розеткаға толығымен тығыңыз.
- Берік емес байланыс өртке себеп болуы мүмкін.
!
Қуат кабелін міндетті түрде жерге жалғанған розеткаға қосыңыз. (тек
1-түрдегі изоляцияланған құрылғылар).
- Ток соғуы немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін.
Құрылғыны пайдаланудан бұрын
Seitenansicht 6
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 69 70

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare